«Дина» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесу

«Дина» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесу

Ағымдағы жылдың наурыз айында Атырау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің қызметкерлері тауар белгілерін пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Дина» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын бұзу жағдайлары, қазіргі таңда кеңінен таралған контрафактілік өнімдер, сондай-ақ мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, маркетплейстер тауарлар мен қызметтерді сатудың ең қарқынды дамып келе жатқан арналарының бірі екені атап өтіліп, осы платформаларда тауар белгісі заңсыз пайдаланылған контрафактілік өнімдердің саны артқаны айтылды. Кәсіпкерлерге зияткерлік меншік саласындағы Әділет органдарының қызметі түсіндіріліп, өз құқықтарын қорғау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.