Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Атырау облысы Әділет департаментімен және комиссия мүшелерінің қатысуымен аудандардың ауылдық округ әкiмдері аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасау лауазымына жаңадан тағайындалған және нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы қайта берілген лауазымды тұлғаларымен нотариаттық іс-әрекеттерді куәландыру бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында осы салада нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және ҚР Әділет Министрінің 2012 жылдың 31 қаңтарда №31 бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау Ережесінің» және №32 «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі Ережесінің» талаптары талқыланды.