#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІПАғымдағы жылдың 19 қаңтарында Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Г.У. Кыстаубаеваның, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары А.Ж. Доскалиеваның, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Д.Р. Нсанованың, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бастапқы медициналық санитариялық көмек және ауруларды басқару, скрининг, жылжымалы медициналық кешен бойынша жауапты бас маман М.Қ. Өтеғалиеваның және нотариустың, адвокаттың және жеке сот орындаушыларының қатысумен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Мөлдіркөз» көзі көрмейтін мүгедектер қоғамдық бірлестігінде «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қабылдауға «Мөлдіркөз» көзі көрмейтін мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.У. Гумаров және қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты - азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы құқықтық қолдау білдіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын артыру, заңнама аясындағы өзекті сұрақтарына жауап беру.
Акция барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекет тарапынынан берілетін жеңілдіктер, денсаулық сақтау мекемелері тарапынан көрсетілетін көмек туралы сауалдар қойылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар алды.