ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Мәжіліс депутаттары, нотариаттық қоғамдастық және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Нотариаттық іс-қимылдардың заңдылығын қамтамасыз ету және нотариат қызметін цифрландыру» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаева, Атырау облыстық нотариаттық палатасының төрайымы Г.Д. Масатова онлайн форматта қатысты.
Отырыс барысында нотариаттық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, заңдылықты қамтамасыз ету, жауапкершілік пен бақылау тетіктерін күшейту, сондай-ақ нотариатты цифрландыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заңнаманы жетілдіру мен цифрлық құралдарды дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.