Ынтымақ күні – қоғамдағы бірлік пен татулықтың, өзара түсіністік пен келісімнің маңызын айқындайтын маңызды күн.
Атырау облысы Әділет департаментінде осы күнге дейін өткізілген әрбір іс-шара ұжым ішіндегі ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісі болып табылады.
Департамент қызметкерлері арасында қалыптасқан сенім мен кәсіби ынтымақтастық, өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттары күнделікті қызмет барысында нақты көрініс табуда. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және қойылған міндеттердің нәтижелі орындалуына ықпал етеді.