16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ!

16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ!

16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ!

Осы күнге орай Атырау облысы Әділет департаментінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында тағылымы мол іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында департамент басшылығы және қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарасты құрылымдық бөлімшелер Атырау облыстық сот сараптамалар институты, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Адвокаттар алқасы және Нотариаттық палата өкілдері халқымыздың ежелден келе жатқан тұсаукесер, құда түсу, сырға салу, келін түсіру, беташар сияқты салт-дәстүрлерді сахналап, олардың мазмұны мен маңызын кеңінен таныстырды.
Іс-шара барысында әрбір дәстүрдің шығу тарихы, тәрбиелік мәні және қоғамдағы орны түсіндіріліп, ұлттық салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі ерекше атап өтілді. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.