НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Наурыз мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі аясында Атырау облысы Әділет департаменті және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарасты құрылымдық бөлімшелер Атырау облыстық сот сараптамалар институты, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Адвокаттар алқасы және Нотариаттық палата өкілдері бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Игі бастамалардың мақсаты – ұлттық мереке қарсаңында қоғамдағы өзара қолдау, жанашырлық пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу. Осы ретте бірқатар отбасыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, көктемнің шуақты күндеріне тән жылылық пен қамқорлық атмосферасы қалыптасты.
Алдағы уақытта да Департамент тарапынан қоғамдық келісім мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған осындай игі шаралар жалғасын табады.