Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі мен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі бірлесіп Нотариаттық палатаның жекеше нотариустарына онлайн семинар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және «ҚР әділет органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою қызметіне қатысты негізгі талаптар түсіндірілді.
Семинардың мақсаты – нотариаттық қызмет саласында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту.