
Атырау облысының Әділет департаментінде Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаеванң төрағалығымен және Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ж.С. Хабаровтың, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Т.Х. Аюповтың, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі А.Р. Сағындықовтың, Атырау қаласы прокурорының бөлім прокуроры К.Е. Кенжетайдың, ҚР ІІМ Атырау облысы Полиция департаментінің анықтау бөлімінің аға-анықтаушысы Н.Б. Рахимовтың және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Сот актілерін орындамаған борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы А.Ж. Дусипкалиева Атырау облысы бойынша борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды.
Жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы басшысының орынбасары Б.К. Гизатова жеке сот орындаушылар мен борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытындағы проблемалық мәселелерге тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сот актілерін орындамаған борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етуді дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.