Бүгін Құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған кезекті ашық есік күні қала маңындағы Қызыл балық ауылында өтті.
Аталған ауыл тұрғындарына Отбасын қорғау орталығы директорының орынбасары Оксана Кубаева, Облыстық Әділет департаментіндегі бөлім жетекшісі Айгүл Анжанова, сондай-ақ, кеңес беру орталығының заңгері Болат Ескулов арнайы барып, аталған ауылдың түрлі құқықтық сауалмен келген тұрғындарының барлық мәселесіне толыққанды мән беріп, тұшымды жауап қайтарды.
Ауыл тұрғындарын әсіресе түрлі қызмет саласына қатысты кәсіби бағыттағы сауалдар, одан өзге, отбасылық мәселелер алаңдатқанын олар жолдаған сауалдардан байқадық. Әр мәселенің мәнді жауабы беріліп, дұрыс бағдар көрсетілді.