Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында заң мен тәртіп қағидаты аясында «Заң - қоғамның тыныштығы мен әділдігінің кепілі» тақырыбында құқықтық-танымдық кездесу өтті.
Шараның мақсаты – қоғамдағы заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, мамандандырылған күзет басқармасының маманы Малихан Динара Бекболқызы, жол қозғалысы саласының ардагері Гайсин Дүйсенбек Тастанбайұлы, сондай-ақ №26 және №47 жалпы орта білім беретін орта мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам тұрақтылығындағы маңызы, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, жастар тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Қонақтар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар арасында ашық диалог орнады.