Атырау қалалық «Абай» орталығында азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі (ӘРПК) өзгерістер және жолданымдарға берілетін жауаптардың сапасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың жолданымдарын қарау барысында заңнама талаптарын қатаң сақтау, берілетін жауаптардың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың сапасын арттыру болып табылады.
Кездесу барысында Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С.У. Әбілқайыров ӘРПК-нің жекелеген баптарына енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасап, өтініш берушілерге ұсынылатын жауаптардың сапасы мен толықтығын арттыру мәселелеріне тоқталды.
Іс-шара соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді.