Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау» тақырыбында семинар өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 25 ақпан күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау» тақырыбында семинар өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы тұрмыстық, гендерлік, жасөспірімдер арасындағы және басқа да зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу жолдарын талқылау. Сондай-ақ, заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылын нығайту, құрбандарды қорғау мен қолдау тетіктерін жетілдіру.
Жиында Атырау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше бастығы Айгерим Орақбаева, Республикалық адвокаттар алқасы жанындағы «Республикалық адвокаттардың кәсіби құқығын қорғау комиссиясының» мүшесі, адвокат Рысты Қалиева, «Жаңа өмір» қолдау орталығының басшысы Тимур Рамазанов, Атырау облысы Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Нұрлыбек Бақтығали кездесудің маңыздылығына тоқталып, зорлық-зомбылық бағытында жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасты.