
Атырау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлерінің бастамасымен «Басқарушы ұйымдар, сервистік компаниялар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару нысандары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Атырау қаласы аумағында орналасқан пәтер меншік иелері кооперативтерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты пәтер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтерін мемлекеттік тіркеу және қайта мемлекеттік тіркеу мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары, құрылтай құжаттарын жаңа нормаларға сәйкестендіру тәртібі, сондай-ақ тіркеу рәсімдерінен өту үшін қажетті құжаттар тізбесі мен мерзімдері түсіндірілді.
Осындай кездесулерді өткізу көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қызметінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.