№7 қалалық емханада «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

№7 қалалық емханада «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ адвокат, нотариус және жеке сот орындаушылары мен заң клиникасының студенттері «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған №7 қалалық емханада өткен «Тегін заң көмегі» акциясына қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласына қатысты, сондай-ақ шоттардың бұғатталуы және оларды бұғаттан шығару мәселелері бойынша сұрақтар қойып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер алды.