
2026 жылғы 19 ақпанда Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.А. Музатованың қатысуымен Исатай ауданы Исатай ауылы тұрғындарын қабылдау бойынша онлайн форматта акция өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жоспарының 12 және 31-тармақтарына сәйкес, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және ауыл тұрғындарына білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Акцияға Атырау облысының Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының басшысы А. Лукпанов, Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокат, жеке нотариус, сондай-ақ Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы заң клиникасының студенттері қатысты.
Ауыл тұрғындары атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі, атқарушылық іс жүргізу бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жүргізуші куәлігінен айыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.
Түскен барлық өтініштер бойынша азаматтарға жан-жақты түсіндірмелер беріліп, толыққанды құқықтық кеңестер ұсынылды.