Индер ауданында облыс прокуроры Басшыбаев М.Б.-ның тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесу заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ азаматтармен ашық диалог орнатуға бағытталды.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы А.Ж.Дусипкалиева, Махамбет ауданы бойынша ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушы А.Б.Утеулиева., облыстық департаменттер мен басқармалардың өкілдері, аудандық мекемелер мен бөлімдердің басшылары, Индербор кентінің әкімі және ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.
Кездесу ашық әрі сындарлы форматта өтті. Түскен барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелер бақылауға алынды.