«С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» жанындағы «Н. Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығы» ғимаратында Атырау облысы әкімі С.Ж. Шапкеновтың, облыс прокуроры М.Б. Басшыбаевтың және Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы директоры Н.Б. Сүйінбаевтың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өтті.
Іс-шараға сондай-ақ Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.А. Мұзатова және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Кездесудің мақсаты — кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету, отандық өнімдерді ішкі нарықта географиялық көрсеткіш объектілері ретінде ілгерілету, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Облыс әкімі кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, тиісті сала басшыларына оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты тұрақты негізде жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.