Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанынан құрылған заң клиникасының студенттері екіжақты меморандум аясында Атырау облыстық Нотариаттық палатасының қызметімен танысты.
Іс-шара барысында Нотариаттық палатаның төрайымы Г.Д. Масатова және жекеше нотариустар студенттерге нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, сенімхаттарды рәсімдеу, шарттарды жасау, мұрагерлік істерді жүргізу, құжаттардың көшірмелерін куәландыру және өзге де нотариаттық рәсімдер мәселелері қамтылды. Сонымен қатар нотариустардың жауапкершілігі, кәсіби әдеп қағидаттары және азаматтарға құқықтық көмек көрсету тетіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттер нотариат саласына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан мазмұнды әрі жан-жақты жауаптар алды.