Заң клиникасының студенттері Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының қызметімен танысты

Заң клиникасының студенттері Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының қызметімен танысты

Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанынан құрылған заң клиникасының студенттері екіжақты меморандум аясында Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының қызметімен танысты.
Іс-шара барысында Институт мамандары экономикалық, құрылыс, есірткілік, тауарлық, бейнефонографиялық және сот-биологиялық бағыттар бойынша жүргізілетін сот сараптамаларының тәртібін, сондай-ақ қолжазба мен қолтаңба сараптамасын және құжаттарды сот-техникалық зерттеу жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар сараптамаларды жүргізу кезінде қолданылатын заманауи техникалық құралдар мен жабдықтар таныстырылды.
Танысу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Институт мамандарынан мазмұнды әрі жан-жақты жауаптар алды.
Өткізілген іс-шара студенттердің практикалық білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ Департамент, білім беру ұйымы және Сот сараптамалары институты арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.