Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлері, заңгер, нотариус және "Заң клиникасының" студенттерімен бірлесіп «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған №5 қалалық емханада өткен «Тегін заң көмегі» акциясына қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар қойылған сауалдарғына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер алды.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында, цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентінің жұмысын насихаттап, қойылған сұрақтарға жауап берілді.