
Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г. Қыстаубаева «TOMIRIS» көшбасшы қыздар жобасы аясында Абай орталығында өткен «Әділет пен жауапкершілік жолындағы көшбасшы әйелдер» тақырыбындағы кездесуге қатысты.
Іс-шара мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында еңбек етіп жүрген көшбасшы әйелдердің рөлін насихаттауға, жастарға рухани серпін беруге, сондай-ақ саналы әрі жауапты көшбасшылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды.
Атырау облысының ішкі саясат басқармасы, «Атырау облысы Жастар ресурстық орталығы» КММ және Атырау облысы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі құрылымдардың ұйымдастыруымен өткен кездесуге өңірдің 300-ге жуық жастары қатысты. Қатысушылар үлгі тұтар спикерлердің өмір жолдары мен құнды пікірлерін тыңдады.