
Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М. Музатова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында өткен «Конституциялық реформа — тиімді әрі ашық мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбындағы талқылауға қатысты.
Іс-шара барысында М. Музатовамен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Е. Ғабдығаппаров, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А. Еңсегенова, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы — ректор, Атырау облыстық мәслихат депутаты С. Идрисов, Атырау қалалық мәслихат депутаты О. Жұмағалиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы, «Қазақстан аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрайымы Ж. Әбіш, Атырау облысы Нотариаттық палатасының жекеше нотариусы, Академия түлегі А. Нұғман баяндама жасап, еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.
Талқылау соңында «сұрақ-жауап» форматында пікір алмасу өткізілді.