Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды

Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды

🔹Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
🔹Іс-шара барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен өткен онлайн-кеңестің күн тәртібінде көтерілген мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының жобасы қаралды. Әділет департаменті басшысының орынбасары М.А. Музатова аппараттық кеңесте жаңа Конституцияның елеулі жаңашылдықтары таныстырылғанын атап өтіп, сондай-ақ Конституцияны әзірлеу және оны қоғамдық талқылау үдерісі ашық форматта өткенін ерекше айтты.
🔹Семинар соңында қызметкерлер конституциялық реформа мәселелері бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сондай-ақ жекелеген заңнамалық нормаларға қатысты сұрақтарын қойды.