«Құқықтық чат-бот» жасанды интеллект агентінің QR-код белгілері «Algabus» ЖШС автопарктеріне орналастырылды

«Құқықтық чат-бот» жасанды интеллект агентінің QR-код белгілері «Algabus» ЖШС автопарктеріне орналастырылды

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Атырау облысы Әділет департаменті мен Заң клиникасы студенттері бірігіп Әділет министрлігінің тапсырмасымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық чат-бот» жасанды интеллект агентінің QR-код белгілері «Algabus» ЖШС автопаркінің қала ішінде тасымалдауда жүрген автобустарындағы көрнекті жерлерге орналастырды.
Аталған чат-бот азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша жедел әрі тегін кеңес алуға мүмкіндік береді.