«Конституциялық реформалар» тақырыбында кеңес өткізді

«Конституциялық реформалар» тақырыбында кеңес өткізді

2 ақпан күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық әділет органдары департаменттерінің басшыларының қатысуымен Zoom қосымшасы арқылы онлайн форматта «Конституциялық реформалар» тақырыбында кеңес өткізді.
Кеңес барысында Конституцияны жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған конституциялық реформалардың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, Конституцияға енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер, олардың құқықтық және қоғамдық маңыздылығы, сондай-ақ реформаларды іске асырудан күтілетін нәтижелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.