Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Тәркілеу санатындағы атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Тәркілеу санатындағы атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Тәркілеу санатындағы атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның ашылуында Әділет департаментінің басшысы Г.У. Қыстаубаева мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеу барысында туындайтын мәселелерді бірлесіп әрі сындарлы түрде талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, құқық қолдану тәжірибесінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды.
Негізгі баяндамамен Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы — аға сот орындаушысы Г.Н. Аманова сөз сөйлеп, мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеу процесінде туындайтын негізгі проблемалық мәселелерді, оның ішінде тәркіленген мүлікті бағалау, сақтау және өткізуге қатысты түйткілдерді атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында мүлікті тәркілеу кезінде кездесетін практикалық мәселелер, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткіліксіз тұстары, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінде орын алатын проблемалар мен олқылықтар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша туындайтын мәселелердің алдын алуға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.