Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Атырау облысы бойынша уәкіл Амангелді Абдоловпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Әділет департаментінің басшысы Г.У. Қыстаубаева өткен жылы заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті және бұл жұмыстардың ағымдағы жылы да жүйелі түрде жалғасын табатынын айтты.
Өз кезегінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Абдолов Омбудсмен институты қызметінің басым бағыттары мен өкілеттіктеріне жан-жақты тоқталып, оның негізгі міндеттері мен мақсаттарын, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың өтініштеріне ден қою мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін түсіндірді.