«Әділет департаментінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған басым міндеттері туралы» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді

«Әділет департаментінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған басым міндеттері туралы» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Әділет департаментінің қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелер өкілдерінің, сондай-ақ әкімдік өкілдерінің қатысуымен «Әділет департаментінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған басым міндеттері туралы» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Отырыстың негізгі мақсаты Департаменттің өткен жылғы қызметінің қорытындысын шығару, қол жеткізілген нәтижелер мен анықталған проблемаларға жан-жақты талдау жасау, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі белгілеген басымдықтарға сәйкес 2026 жылға арналған негізгі бағыттар мен міндеттерді айқындау болды.

Департамент басшысының орынбасары Меруерт Музатова, облыстық Нотариаттық палатаның төрайымы Гүлнар Масатова, облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы төрағасының орынбасары Ерлан Кульчиев және Атырау облыстық адвокаттар алқасының Атырау қалалық заң консультациясының меңгерушісі Рустам Ахмедьяров баяндама жасады. Баяндамашылар өз сөздерінде атқарылған жұмыстардың қорытындыларын егжей-тегжейлі баяндап, тиісті салалардағы қызметті одан әрі жетілдіру жөніндегі өзекті мәселелер мен ұсыныстарды белгіледі.

Отырыс соңында департамент басшысы Г.Кыстаубаева өткен жыл маңызды құқықтық реформалардың іске асырылуымен, мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрлық технологиялардың белсенді енгізілуімен, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерінің жетілдірілуімен ерекшеленгенін атап өтті. Алқа қорытындысы бойынша басым міндеттер айқындалып, 2026 жылы Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыруға және тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.