Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Гуланда Орынбасарқызы Кыстаубаева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің мүшесі, Қазақстанның құрметті заңгері Абзал Құспанның студенттармен кездесу жиынына қатысты

Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Гуланда Орынбасарқызы Кыстаубаева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің мүшесі, Қазақстанның құрметті заңгері Абзал Құспанның студенттармен кездесу жиынына қатысты.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтің бастамасымен өткен іс-шарада қоғамның өзекті мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, спикермен заңсыз аңшылық, нашақорлық, алаяқтық, адам ұрлау, заңсыз банктік және коллекторлық қызмет, сталкинг, дропперлікке қатысты жаңа заң нормалары түсіндірілді.
«Заң мен тәртіп қоғамдағы басты талап» атты кездесудің мақсаты – студенттер мен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң алдындағы жауапкершілікті ұғындыру.
Жиында Атырау өңірі атынан Ұлттық құрылтайға қатысқан мұнай-газ саласының ардагері, «Барыс» орденінің иегері Мақсым Ізбасов құрылтай барысында көтерілген маңызды бастамалар туралы жастарға кеңінен мағлұмат берді.
Кездесу барысында студенттер мен қатысушылар тарапынан діни фанатизм, жеке детективтерді заңдастыру, нашақорлық, қылмыстық қудалау бағытында бірқатар сауалдар қойылып, толық мағлұматтар берілді.