Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері А.Жумагулов пен Н.Бақтығали, Адвокаттар алқасының адвокаты А.Есбосынмен бірлесіп Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне барып, оқу әдістемелік семинарға қатысты. Екі жақты меморандум аясында оқытушыларға арналған «Әділет органдарының қызметіндегі құқық қолдану тәжірибесі: нормативтік құқықтық актілер, зияткерлік меншік құқығы және атқарушылық іс жүргізу» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқытушыларды нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібімен, авторлық құқықтарды қорғау тетіктерімен және сот шешімдерін нақты орындау тәжірибесімен таныстыру болды.
Сондай-ақ кездесу барысында цифрландыру және құқықтық ағарту мәселелері қаралып, халыққа құқықтық көмек көрсету бойынша оқытушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру жолдары талқыланды.