Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Атырау қалалық сотында «Сотта материалдарды қарау барысында, жеке сот орындаушылармен атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту фактілері бойынша туындайтын мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында Атырау қалалық соттың төрағасы А.Е. Байназаров мәлімделген тақырып бойынша баяндама жасап, онда құқық қолдану тәжірибесінде кездесетін өзекті мәселелер мен атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың себептері қарастырылды. Кері байланыс форматында сот төрағасы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, материалдарды қарау барысында заңнама нормаларын қолдануда бірыңғай тәсілді қалыптастырудың және заңдылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.