Қайыршақты ауылдық округінің тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау өткізілді

Қайыршақты ауылдық округінің тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау өткізілді

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында филиал мен Департамент арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде Департамент басшысының орынбасары «Құқықтық кеңес» партиялық жобасы аясында Қайыршақты ауылдық округінің тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтарға тегін заң көмегін көрсету, құқықтық қолдау көрсету, халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өзекті мәселелер бойынша білікті түсіндірмелер беру болды.
Қабылдау барысында ауылдық округ тұрғындары тұрғын үй кезегіне қою, алимент өндіру, қарыздардың болуына байланысты жеке шоттардың бұғатталуы және оларды бұғаттан шығару тәртібі бойынша сұрақтармен жүгінді. Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты түсіндірмелер мен тәжірибелік кеңестер берілді.