Атырау облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ-ның Атырау облысы бойынша бөлімдерінің басшыларымен және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесіп (онлайн және оффлай форматта) халықаралық шарттар аясында шетел мемлекеттермен ынтымақтастық бойынша құқықтық көмек көрсету, оларды орындау және қолдану мәселелерін, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған дөңгелек үстел барысында басқа мемлекеттік органдар мен нотариустар беретін ресми құжаттарға апостиль қою, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер талқыланды.