Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ адвокат, нотариус және жеке сот орындаушылары «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған №1 қалалық емханада өткен «Тегін заң көмегі» акциясына қатысты.
Іс-шараға денсаулық сақтау саласының өкілі де қатасып, азаматтарды қоғамдық қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласына қатысты, сондай-ақ шоттардың бұғатталуы және оларды бұғаттан шығару мәселелері бойынша сұрақтар қойып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер алды.