#ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.А. Мұзатованың, нотариустың, адвокаттың және жеке сот орындаушыларының қатысумен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің тұрғындары үшін құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Іс-шараға Мақат ауданы әкімінің орынбасары Ә. Ш. Қаржауова бастаған кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ аудандық бөлімдерінің басшылары қатысты.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты - азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы құқықтық қолдау білдіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын артыру, заңнама аясындағы өзекті сұрақтарына жауап беру.
Акция барысында азаматтар отбасылық мәселелер, алимент өндіру, берешекке байланысты жеке шоттардың бұғатталуы және оны ашу жөніндегі сауалдарымен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар алды.