«Аналар үйінде» дөңгелек үстел өткізілді

«Аналар үйінде» дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні Атырау облысы Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының 2024 жылғы 9 қаңтардағы №16-05/05-3603 тапсырмасымен бекітілген волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының 2.1.-тармағын орындау мақсатында, Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаеваның, адвокат, жеке сот орындаушы, нотариус және сот сараптамалары институты өкілдерінің қатысуымен «Аналар үйінде» дөңгелек үстел өткізді.
Шара барысында алимент өндіру, несиені қайта қарау, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері туралы құқықтық-ақпараттық кеңестер берілді және қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап берілді.