Осы жылдың 13 қаңтар күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Гуланда Кыстаубаева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры – басқарма төрағасы Саламат Идрисовпен кездесіп, университет жанынан құрылған заң клиникасының қызметіне қатысты екі жақты меморандум аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын талқылады.
Кездесуде Г.Кыстаубаева көптеген шәкірттің алтын ұясы болған оқу орнының оқытушыларына алғысын білдіріп, білікті мамандарды даярлап шығудағы еңбектеріне табыс тіледі.
Өз кезегінде С.Идрисов меморандум аясында бірлескен жұмыстар әлі де жалғасын табатынын, іс-шараларды жандандыру бағытында жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктелетінін атап өтті.