
2025 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 233-VIII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңда ұжымдық құқықтарды басқаруды цифрландыруға және Бірыңғай цифрлық платформаны әзірлеуге ерекше назар аударылады.
Бұл платформа ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары, авторлар мен авторлық құқық иелері, ұжымдық құқықтарды басқаруға берілген нысандар, шетелдік ұйымдармен жасалған келісімшарттар, пайдаланушылар, жиналған авторлық құқықтардың қозғалысы және ұсталған сомалар туралы барлық ақпаратты біріктіреді.
Платформаны енгізу авторларға, авторлық құқық иелеріне және пайдаланушыларға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, осылайша ұжымдық құқықтарды басқаруға деген сенімді арттырады.