ZOOM платформасы арқылы, Атырау облыстық Нотариаттық палатасының жекеше нотариустарына семинар өткізілді

ZOOM платформасы арқылы, Атырау облыстық Нотариаттық палатасының жекеше нотариустарына  семинар өткізілді

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні Атырау облысы Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.А. Анжановамен ZOOM платформасы арқылы, Атырау облыстық Нотариаттық палатасының жекеше нотариустарына «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында, нотариустарға қаржы мониторингі субъектілері арасында қаржы мониторингі жөніндегі заңнаманың бұзылуына жол бермеу жөнінде және заң талаптарының қолдану практикасы түсіндірілді.
Сонымен қатар, нотариат саласында өзекті өзге де мәселелер талқыланып, пікір алмасты.