Атырау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Н.Б.Бақтығалидың «Белес атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Облыстық халық шығармашылық орталығында Атырау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Н.Б.Бақтығалидың «Белес атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Ә.Б. Дәулетбаева, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Г.Р. Ниетқалиева және Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаева қатысты.
Кіріспе сөз сөйлеген Гүлзада Ниетқалиева жазушыны жаңа кітаптың тұсаукесерімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа туындылардың жазылатындығына сенім білдірді.
Су жаңа кітаптың қызыл лентасын ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Ә.Б. Дәулетбаева мен Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаева кесті.
Салтанатты жиынның соңында, Нұрлыбек Бақтығалиұлы осындай шараны өткізуге мұрындық болған Департамент басшылығына және барша қолдап келген көрермендерге алғысын білдірді.