9-желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында және мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында «Quiz» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігі қағидатын нығайту, сондай-ақ ойынға қатысушылардың құқықтық сауаты мен кәсіби білімін арттыру болып табылады.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті жанындағы Н.Балғымбаев орталығында өткен сайысқа 26 мекемеден 125 қызметкер қатысып, 6 тур бойынша өз біліктіліктерін көрсетті.
Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлері аталған іс-шараға белсене қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.