«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, Алға ауылдық округі тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, Алға ауылдық округі тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 28 қараша күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.У.Кыстаубаеваның, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, Атырау облысы Махамбет ауданы Алға ауылдық округі тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы құқықтық қолдау, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыра отырып, заң төңірегіндегі сұрақтарына жауап беру.
Акция барысында азаматтар отбасылық мәселелер, бала құқығы, жол қауіпсіздігі, алимент өндірудегі мәселе, берешек бойынша жеке шоттың бұғатталуы және оны ашу жөніндегі сауалдарымен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар алды.