#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Атырау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен Департамент қызметкерлеріне “Масс-медиа туралы” ҚР Заңы түсіндірілді. Бөлім басшысы А.А.Анжанова аталған Заңның маңыздылығын айтса, бас маман Н.Б.Бақтығали журналистердің құқықтары мен міндеттері, ақпаратты жариялау, сондай-ақ «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» ҚР Заңына сәйкес блогермен жұмыс істеу тәсілдері туралы баяндады.
Жиында қызметкерлер тарапынан бұқаралық ақпарат құралдары саласы бойынша сауалдар қойылып, тұшымды ақпараттар берілді.