“Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою” тақырыбында семинар өткізілді

“Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою” тақырыбында семинар өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Атырау қаласындағы № 1,2,3 бөлім басшыларының және қызметкерлерінің қатысуымен “Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың басты мақсаты - халық арасында апостильдеуге жататын құжаттарды тапсыру, толтыру талаптарын түсіндіру және электрондық апостиль қою кезінде тұтынушыларға бағыт-бағдар беру.
Шара барысында, қалалық бөлім қызметкерлерімен жұмыста кездесетін сұрақтар қойылып, заң аясында жауап берілді.