
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Amanat» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында Нотариаттық палата, Адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің және мемлекеттік орган басшыларының катысуымен жиын өтті.
Жиын басында, департамент басшысы Г.У.Кыстаубаева мемлекет пайдасына өндірілетін әкімшілік айыппұлдарды өндіру және атқару кұжаттарының орындалысы туралы сөз сөйледі.
Департаменттің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы А.Ж.Дусипкалиева мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшысы А.С.Лукпанов баяндама
оқыды.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Б.Юсубалиев пен
Полиция департаментінің әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі
Ғ.Тайшыбаевқа салық төлемдері және әкімшілік айыппұлдарды өндірудегі мәселелер бойынша сауалдар қойылды.
"Аmаnat" партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Х.Идресов «Тараптар кабинеті» онлайн сервисін танымал ету мақсатында Атырау облысы Цифрландыру және архив басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Т.Ізбасоваға цифрландыру бағыты бойынша жаңашылдықтар енгізуге тапсырма берді.
Жиын соңында, департамент басшысы Г.У.Кыстаубаева әкімшілік айыппұлдардың мемлекет пайдасына өндірілуі және «Тараптар кабинеті»
онлайн сервисінің жұмысын танымал ету бағытында жұмыстарды жандандыру қажеттігін жеткізіп, болашақта игі істерді жұмыла атқаруға шақырды.