19 қараша күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У.Кыстаубаева Атырау облысының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында, азаматтар жеке шоттың бұғатталуы және оны ашу, төлем кестесін қайта жасақтау мәселелері бойынша сауалдармен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар алды.
Сондай-ақ, жеке қабылдауға жүгінген азаматтарға «Тараптар кабинетінің» жұмысымен таныстырылып, атқарушылық іс жүргізуге қатысты арыздарды жазу тәртібі түсіндірілді.