
14 қараша күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Заң клиникасының студенттері арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында «Quiz time» интелектуалдық ойыны өткізілді. Ойын мақсаты – болашақ заңгерлердің білім деңгейін анықтау.
Бес топтан құрылған сайыс үш кезеңнен тұрды: 1) Конституцияға қатысты сауалдарға жауап беру; 2) Логикалық сұрақтардың шешімін табу; 3) Жағдаяттық тапсырмалар.
Қазылар алқасының шешімімен, «Verdict» тобы 1-орынды, «Құқық қорғау қызметі» тобы 2-орынды, «ЮрMAN» тобы 3-орынды иеленді, ал «ЮрForce» тобы ынталандыру алғыс хатына қол жеткізді.
Сонымен қатар, шара барысында Әділет департаменті қызметкерлері студенттерге азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында, цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентінің жұмысын насихаттап, ADILEТ қосымшасындағы «Тараптар кабинетінің» қолданысы туралы ақпарат беріп, халық арасында насихаттауға шақырды.