Жеке сот орындаушыларының қатысуымен Zoom қосымшасы арқылы онлайн жиын өткізілді

Жеке сот орындаушыларының қатысуымен Zoom қосымшасы арқылы онлайн жиын өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Департамент басшысы  Г.У.Кыстаубаеваның және Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы А.Лукпановтың, жеке сот орындаушыларының қатысуымен Zoom қосымшасы арқылы онлайн жиын өткізілді.

Жиында Әділет министрлігінің 2023-2027 жылға арналған Даму жоспарында көрсетілген мақсатты индикаторларға атқарушылық өндірістері бойынша қол жеткізу және проблемалық сұрақтардың шешілу жолдары қарастырылды.

Жиын қорытындысымен жеке сот орындаушыларының әрекетіне, әрекетсіздігіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын азайту мақсатында, атқарушылық құжаттарын  орындау тиімділігін арттыру, жеке сот орындаушыларымен қоғамдық қабылдауларды көбейту және ADILET қосымшасындағы «Тараптар кабинетін» насихаттау туралы тапсырмалар берілді.