
Атырау облысының әкімдігінде Әдеп жөніндегі уәкіл Ф.Ахметованың төрағалығымен және жергілікті атқарушы органдармен басшыларының қатысуымен әдептілік нормаларының сақталуын нығайту мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында жиын өтті.
Аталмыш жиынға Атырау облысы Әділет департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Гуланда Урынбасаровна Кыстаубаева қатысты.
Жиынның мақсаты – әдептілік нормаларының сақталуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарға қатысуға жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер талқыланды.